Мамандықты таңдау-болашақты таңдау

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

өнері - техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтыңүстіне тұрғызылған үйлер де болған.
Мөлдір:Менің пікірімше адам өзін белгілі бір мамандыққа дайындауды мына уақыттан бастау керек деп ашып айту қиындау сияқты. Әрине кейбіреулер ес білгеннен бір мамандықты ұнатып осы мамандықтың иесі боламын деуі мүмкін, ал енді біреулер жағдайына қарай ата - анасының немесе бір жанашырының ықпалымен мамандық таңдауы мүмкін немесе ата бабасынан келе жатқан мамандықты таңдауы мүмкін ғой. Менің таңдаған мамандығым - психолог.
Индира: Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата-анам мұғалім не дәрігер бол дейді. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға қол емес, мұнайшылық кәсіп те жеңіл деуге болмас. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар ғой. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта-ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ. Ата-анам көп ақылдасады, кейін өкініп, опық жеп жүрме дейді. Сөйтіп мен экология саласының маманы болуға талаптанам. Ата-анам бұл талабымды құптайды.
Айгерім:Шипагер, қамқор менің дәрігерім,
Адам үшін аянбай төккен терін.
- деп ақындар жырға қосқандай, дәрігер - адам жанының арашашысы. Дәрігер мамандығы - аса жауапкершілікті, шыдамдылықты, өз ісіңе деген сүйіспеншілікті қажет ететін ұлы мамандық. Дәрігер - адам жанының зерттеушісі, бағдаршамы, қорғаны екен. Мен балалар эндокринологы болғым келеді
Алтын:Журналист - қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Журналист - газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу,

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: