Мұғалім - ең мәртебелі мамандық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні: 28. 09. 2015 ж
Тақырыбы: "Мұғалім ең мәртебелі мамандық"
Сынып: 11 "А"
Мақсаты: Оқушыларға мұғалім мамандығының қиыншылықтары мен қызық тұстарын түсіндіру, мұғалім еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер жазылған парақтар, ұстазым әні
Сабақтың барысы: Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, ия балалар ұстаздардың әр - қайсымызың бойымызға сіңірген еңбгі зор. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз ұстаздар мерекесіне арналып отыр.
1. Ұстаздар туралы нақыл сөздерді аяқтап, мағынасын ажыратып көрсек? (Топпен жұмыс)
I. "Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау",
"Ұстазға қарап шәкірт өседі"
"Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла"

II. "Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы"
"Адамның адамшылығы, жақсы ұстаздан"
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға"
Ән "Ұстазым менің"
2. Енді ұстаздардың өмірінен бір-екі қалжың келтіре кетсек. (Оқушыларға алдын ала сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады).
Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, - дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыны

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: