м жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім ұқсап күнде жазуға отырмас.
-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде.
3. ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Каникул - жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік - үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика - мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін "жаңғақ".
Дос - бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
Сабақ - үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы - әжеме айтатын басты сылтауым.
"Апайға айтам" - қыздардың негізгі қаруы.
4. Оқушыларға "егер мен мұғалім болсам" деген тақырыпта постер жасап қорғату
5 қорытынды:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы - деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, мектебімізде сөздері маржан ұстаздарымыздың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?
Мұғалімдік - екінің бірі игеріп кете алмайтын мамандық. 45 минут бойы оқушыларды тыныш ұстап қана қоймай, оларға білім беру - жауапкершілігі мол жұмыс. Мұғалім -- мәртебелі мамандық. Әкім де, депутат та, дәрігер де мұғалімнен тәлім алған. Ауылда болсын, қалада болсын, мұғалім зиялы маман ретінде есептеледі. Еліміздің білімді ұрпағын дайындап жатқан олардың еңбегі орасан.
Қосымша материал
I.
"Ұстаз болу-өз уақытын аямау, . . .
"Адамның адамшылығы, . . .
"Ұстазы жақсының-. . .
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>