>Сырымның Малайсарыдан бата сұрай келуі
Малайсарының бітпеген ісі
Сырымның тапсырманы орындауы
Малайсарының риза боп, бата беруі
Сахналау
Проблемалық жағдаяттар шешу Кейс-Стади әдісін қолдану.
Оқушылар лезде микротоптарға бөлініп отырады.
Бір әже еңкейіп жүр екен. Немересі әжесіне неге еңкейіп жүрсіз деген сұраққа әжесі былай жауап беріпті:
Балалығым мен жастығымды іздеп жүрмін-депті. Сонда немересі:
Әже беліңіз ауырған шығар мен іздейін, тек қай жерде, қалай бару керек, не істеу керектігін айтыңыз-деген екен. сонда әжесі:
Ол менің әр сәтте қуанғанымның арасында-деген екен
Сұрақ: Сен әженің балалығы мен жастығын қалай тауып бересің?
2. Жаңбырмен жер көгереді
Батамен ел көгереді-деген нені білдіреді. Мысалдармен түсіндіріңдер.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Сырым Малайсарыға не сыйлады? (кілем жабылған қара нар) Малайсарының Сырымға айтқан шешендік сөздерінен не түсіндің? Өз сөзіңмен айт. Сырым Малайсарыға неге ренжіді? Малайсарының қиындықтарын сен қалай түсіндің? Дәптеріңе жазып ал. (жастық кездегідей шауып жүре алмайды, бірдеңе дұрыс болмаса үйдегілермен сөзге де келіп қалу, сөз талас та болуы, жалғыздықтың келуі, өзі еңбектенбегеннен кейін кісі қолына қарау, қартайған соң аурудыңда көбеюі . . . )
ҮІІ. Қорыту: Сен досыңа қандай бата - тілек айтар едің?
Рефлексия
Смайликтермен сабақтың өтілуін көрсетеді
Не үйрендім? Не білдім? Не білгім келеді?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу, бата жазып келу. Бағалау.
Страницы: << < 1 | 2