Әдебиеттік оқу: 4-сынып
Тақырыбы: Малайсары мен Сырым батыр.
Мақсаты:
1. Шешен Малайсары мен Сырым батырдың тапқырлығымен, екшелігімен таныстыра отырып, оқушыны тапқырлыққа, шешендікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу;
2. сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру;
3. сөздік қорын дамыту, проблемалық жағдайлардың оң шешімін табу машықтарын арттыру.
Ұстанымдары: жүйелілік, тілдік сезімді, шешенділікті дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: іздену, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, Кейс-Стади әдісі.
Көрнекілігі: суреттер, электронды оқулық.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Әлемдегі бар мейірімділік Анадан тараса, баржылулық күнен тарайды. Ендеше бізде осы бойымыздағы бар мейірімділік пен жылулықты сезініп бір-бірімізге сыйлайық
"Күн" жаттығуы
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Балалар, сендерге қандай үзінді ұнады? Кім жатқа айтар екен? Тезек төре қандай жұмбақ жасырды? Бөлтірік шешен оны қалай шешті?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен бұл жұмбақты басқаша қалай шешер едің?
ІҮ . Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Батаны не үшін береді деп ойлайсың? Егер саған бата бер десе қалай бата берер едің? Ойланып көрдің бе? Атаңнан қандай бата алып көрдің?
Ү. Жаңа сабақ: Электронды оқулықтан Малайсары мен Сырым батыр туралы мәліметті тыңдау, мәтінді тыңдау.
1. Мәтінді өздігінен оқытып, әңгімелеу. 2. Малайсарының Сырымға берген батасын тауып оқы. Қалай ойлайсың неге жасың жетпіске жетпесін деп айтты? Малайсарының көрген қиындықтарын тауып оқы.
Сырым мен Малайсары
Композициялық талдау
1. Оқиға қалай басталды?
2. Оқиға қалай дамыды?
3. Оқиға қалай шешімін тапты?
І топ
Страницы: 1 | 2 > >>