Махамбет Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>



Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының
"Қызғыш құс" өлеңі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Махамбет өлеңнің мазмұнын меңгертіп, тақырыбы мен идеясын түсіндіру.
Дамытушылық: өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқу, талдай білу дағдыларын дамыту; өз пікірлері мен көзқарастарын білдіруге, ұжыммен жұмыс істей білу қабілеттерін арттыруға ықпал ету.
Тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу, Махамбет өлеңдері мазмұнындағы адамгершілік қасиеттерді, өршіл рухты оқушы санасына ұялату.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ассоциация, топтастыру, Венн диаграммасы, 5 жолды өлең, ой толғау, INSERT кестесі.
Пәннаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, биология.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды топқа бөлу, сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1. "Ой шақыру". Әр топқа парақ таратылады, оқушылар ақын туралы білетіндерін параққа ассоциация ретінде түсіріп, топта ой бөлісіп, оны қорғайды.
2. "Махамбет - өршіл ақын". Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған сызба құру, айтып беру.
3. Топтастыру.


Махамбет кім?






ІІІ Жаңа тақырып:
1. М. Өтемісұлының "Қызғыш құс" өлеңінің туу тарихымен танысу.
2. Сөздік жұмысы.
3. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.
4. Мағынаны тану. "Артық болмас білгенің" айдарында берілген "Қызғыш құс" туралы мәліметпен жұмыс.
IV Сабақты бекіту:
1. Қызығушылықты ояту. Топпен жұмыс ұйымдастыру.
Тапсырмалар:


1-топ: "Махамбет" және "Қызғыш құс" тақырыбын Венн диаграммасы арқылы салы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: