Махаббат мәнгі ертегі
Мақсаты: Оқушыларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілер: Өлең сөздер, мақалдар.
Барысы:
Махаббаттың сіздің өміріңізде алатын орны.
Мен үшін махаббаттың алатын орны – ерекше. Осы ұлы сезім болмаса, жігіт пен қыз бір-біріне ғашық болып, ынтық болмас еді. Қаншама ақындар мен жазушылар осы сезімнің арқасында ғашықтарына өлең арнап, романдар жазған. Мүмкін кейбірі сол сезім болмаса, ақын, жазушы атанбас та еді. Тек олар ғана емес қолдарынана шеберлігі тамған суретшілер де, мүсіншілер де, кез келген өнер иелері. Театрдағы қойылымдар мен кинорежиссерлердің де көбі – махаббат тақырыбында. Адам болып жаратылған соң, осы өте нәзік сезімді жүрекпен ұғынып, бастан кешірудің өзі – Мен үшін үлкен бақыт!!! Махаббат мен үшін — мәңгі ертегі. .
Махаббат мәңгі ертегі,
Көңілдің күйін шертеді.
Ертіп бір жүрсең шіркін-ай,
Еліктей сұлу еркені.
Махаббат өмір ғажабы,
Алқызыл гүлдей ажары.
Сүйемін деген жалғыз сөз
Жүректі тербеп,
жанымды емдеп жазады.
Ғашықсыз өмір өмір ме,
Егілме жаным егілме.
Көктегі күнге қол созған
Не дерсің мынау көңілге.
Махаббат деген қандай-ды,
Қарасаң көзің талмайды.
Сағынған жанға жете алмай
Қаншама гүлдер сарғайды.
Күлерсің-дағы жыларсың,
Жыларсың-дағы шыдарсың.
Жазылмас дерттің дауасын
Жаным-ау кімнен сұрарсың?
Махаббат. . . Бұл әлемді өзіне бағындырған ұлы күш. Адамды ақылға сиғысыз әрекетке апаратын құдырет иесі. Махаббатты бастан өткізудің өзі бір бақыт. Алайда ыстығы мен суығы, ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы бір мезгілде ұштасқан махаббаты бағалай алу керек. Махаббат адамды барлығына да үйретеді.
-мейрімділікке
-қайрымдылыққа
-игі істер жасауға
-ғажайыпқа сен
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>