реке
4 сәуір 2013
42961
0
0
Өнеге сабақ тақырыбы: "Әке - отбасының тірегі"
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру жұмысы (сынып оқушыларының тәрбие сағатына дайындықтарын қадағалау)
ІІ. Кіріспе.
ІІІ. Әдеби - монтаж.
ІҮ. "Әке - асқар тауым!" (оқушылардың жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінді)
Ү. Әкелерге балаларына байланысты сұрақтар қою.
ҮІ. "Әке мен бала" (көрініс)
ҮІІ. Қорытынды
Мұғалім сөзі: "Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың" дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелерімізге арналған "Әке - асқар тау" атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. "Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз" дейді халқымыз, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жаны
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>