Махаббат өмір өзегі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

әр кезде,
Соны естігім келеді.
10 - оқушы: Айжарқын Ойнаймыз, күлеміз,
Жарқылдап жүреміз.
Әкені сыйлаймыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
11 - оқушы: Иманғазы Арайлы ақ тілекпен,
Ән жолдаймын өзіңе.
Сағынышты сазды жүрекпен,
Сыр арнаймын өзіңе.
Мұғалім: Құтты болсын әкежан бүгінгі күн,
Ақ дастарқан, көл көсір думан күнің.
Арамызда, әкетай аман жүрші,
Ақ жүрекпен ақ тілек арнайды ұлың.
Ән: "Әкелер"
Шаршаса да сыр бермеген әкешім,
Сен мен үшін еңбексүйгіш әкесің.
Өзіңде үлгі, ісіңде үлгі ұлыңа,
Кім сүймейді болса өзіңдей әкесін.
"Әке - асқар тауым!" (оқушылардың жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінді) Ұлпан: "Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ" дегендей "Әке" деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - сіз менің сүйікті әкешім. Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз. Мен сізден көп тәрбие алдым. Сіздің бақытты аман - сау болуыңызды тілеймін. Сізге мына өлең шумақтарын арнаймын.
Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,
Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.
Қабыл алғын бала - жүрек тілегін.
Қауымдас: Бала үшін әкенің орны бөлек. "Әке" деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. "Әкең барда орындалар арманың" дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері - біз сияқты балалар. Алайда өмірдің

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: