Магнит тізбектер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ жоспары
Күні
Тобы
Сабақтың тақырыбы: Магнит тізбектер
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік:Магниттік тізбектер туралы білім беру
2. Дамытушылық:Икемділік қасиеті мен қызығушылығын арттыру
3. Тәрбиелік:Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Оқытудың әдістері мен әдістемелік амалдары:түсіндіру, топпен жұмыс
Көрнекті оқу - құралдары мен техникалық құралдар: Магниттік тізбектер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу, оларды журнал бойынша тексеру

2. Өткен тақырыпты тексеру:
1. Заттардың магниттік қасиетке ие болу себебі?
2. Заттардың магниттік қасиеттеріне байланысты бөлінулерін баянда (парамагнетик,диамагнетик,ферромагнетик)
3. Заттардың магниттік өтімділігі дегеніміз не?
4. Магниттік қанығу дегеніміз не?
5. Магниттік гистерезис дегеніміз не?
6. Коэрцитивтік күш дегеніміз не?
7. Гистерезистің шығындары неге тең?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Магнит өрістерінің керекті конфигурациясы мен интенсивтілігін жасауға қажетті электротехникалық құрылғылардың ферро - магниттік және ферромагниттік емес бөліктерінің жиынтығын магнит тізбегі (магиитжол) деп атайды.
Электротехникалық қүрылғының жұмыс істеу принципінің негізіне қарай магнит өрісі магнит тізбегінің сол немесе басқа да бөлігінде орналасқан,түрақты магниттен немесе тогы бар катушкадан қозады.
Қарапайым магнит тізбегіне біртекті ферромагниттік материалдан жасалған тороид жатады (3. 15,а-сурет). Мұндай магнит- жолдар көп орамды трансформаторларда, магниттік күшейткіш- терде, ЭЕМ-ның элементтерінде және басқа да электротехника - лық құрылғыларда қолданылады.

3. 15,ә-суретінде электромеханикалық құрылысының өте күрделі магнит тізбегі б

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: