Мағжан Жұмабай

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мағжан Жұмабай
Мансабы: Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі
Туылған күні: 1893. 06. 25
Туылған жері: Солтүстік Қазақстан облысы
Ұлты: Қазақ
Қайтыс болған уақыты: 1893ж. маусымның 25(1893—06—25) (118жас)
Қайтыс болған жері: Алматы
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (1893– 1938) – Жұмабай Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы (25маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.
Биография
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905– 1910жылдары Қызылжардағы (Петропавл) 1мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Баспадан 1909жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды. 1910– 1913жылдары Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б. Майлинмен танысады.
Ибрагимовтің көмегімен 1912жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. «Садақ» журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913– 1916жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
«Бірлік» ұйымы жұмысына белсене араласып, «Балапан» қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә. Бөкейхан, А. Ба

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: