нсыз сыннан көңілі жабыққан ақын «Сәлем хат» деген өлең жазды.
Ол «Тілші» газетінде жарияланды. «Еңбекші қазақ» газетінің 1924жылы 19желтоқсанындағы санында С. Мұқановтың «Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына» деген ескертпемен «Сәлемге сәлем» деген жауап өлеңі басылды.
Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, «уралап айқайламадың» деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 1927– 1929жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
1929жылы Жұмабайұлы «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10жыл айдауға кесіледі. 1936жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласыннда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Еңбектері
Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны «хакім» деп атады, ұлы ақынның «мың жыл жұтса дәмі кетпес» сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді («Шын сорлы»), халқын өнер-білімге шақырды («Ләззат қайда?», «Жазғы таң», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Балалық шақ», «Қазағым», «Қарағым», «Осы күнгі күй», «Мен сорлы»). Бірқатар өлеңдерін махабб
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>