цов, М. Ю. Лермонтов, А. А. Фет, И. И. Дмитриев, И. П. Мятлов, А. А. Блок өлеңдерін, А. М. Горький, В. В. Иванов, Д. Н. Мамин-Сибиряк, т. б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса Жұмабайұлы «Шолпанның күнәсі» әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
Шығармалар
Қазақтың көңіл күйі, өлең, «Үзік» жинағында, Орал, 1912; Шолпан, өлеңдер, Қазан, 1912; Өлеңдері, Қ. -О. , 1922; Өлеңдері, Таш. , 1923; Шығармалары, А. , 1989; Таңдамалы, А. , 1992; Шығармалар, 3т. , А. , 1995. Мағжанның әйгілі өлеңдерінің бірі «Мен Жастарға Сенемін» болып табылады.
Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болған Жұмабайұлы есімін ақтау ісі 1958жылы қолға алынды. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Жұмабайұлы шығармалары басылмай қала берді.
1960жылы Түркістан әскери окр. әскери трибуналының алқасы шешімімен Жұмабайұлы толығымен, біржола ақталды. Жұмабайұлы есімі ақталса да ол жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы мен ғылыми мекемелерге хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзақ уақыт бойы Жұмабайұлы шығармаларымен жете таныса алмай келді.
Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. 1969жылы Жұмабайұлымен қызметтес, таныс болған адамдар Жұмабайұлын ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жөнінде Қазақстан басшыларына хат та жолдаған болатын. Бірақ Жұмабайұлының шығармалары 1989жылы ғана қайтадан жариялана бастады. 1995жылдан М. Базарбаев, С. Қирабаев, Х. Абдуллин, Ш. Елеукенов, Б. Дәрімбет, Ш. Сариев бастаған ғалымдар тобы Жұмабайұлының 3томдық шығармаларын шығаруды қолға алды.
Жұмабайұлы шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезеңде ғана н
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>