а қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады.
лқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді («Орал тауы», «Алыстағы бауырыма», «Жер жүзінде», «Қазақ тілі», «Тез барам!», «Түркістан», «Орал»). Сондай-ақ, Жұмабайұлы «Пайғамбар» өлеңінде «Ғұн – түріктің арғы атасы» десе, «Түркістан» атты өлеңінде «Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деп асқақ рухпен жырлады.
түрікшілдік сезімі 1919– 1923жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған «Алыстағы бауырыма» атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай «Яш Түркістан» журналында (1930, 1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады.
Философ ақын
Жұмабайұлы – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем болғысы келеді («От»).
Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді. Жұмабайұлының ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан («Қиял құлы мен бір
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>