Macromedia Flash технологиясы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

БАҒДАРЛАМА
қолданбалы курс
MACROMEDIA FLASH ТЕХНОЛОГИЯСЫ
5-6-сыныптарға арналған
5-сынып - аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
6-сынып - аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

А. Н. Сагынгалиева
Ж. Ш. Искакова
М. Ганди атындағы 92 мамандандырылған лицейдің информатика пәні мұғалімдері

Пікір жазғандар: Исаев С. Ә. , Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің физика-математика факультетінің деканы, профессор.
Салғараева Г. И. , информатика және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі,техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
Абишев М. Е. , ҚазҰУ теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Түсініктеме хат мазмұны

Жаһандану заманында интеллектуалды ұлт қалыптастыру, мемлекет басшысы айтқандай, қатал бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға қатысты ғана емес, оларды ел экономикасын алға тартатын күш ретінде орнықтыруға байланысты. "Интеллектуалды ұлт - 2020" идеясының басты мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру, -дейді көшбасшы. Интеллектуалды ұлт құру - еліміздің интеллектуалды әлеуетінің артуының кепілі. Қазақстан қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық-инновациялық дамуының кілті еліміздің рухани түлеуі мен жаңғырылуында. Ел президенті Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында "Ұлттық бәсекелестік қабілет бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады" дей келіп, білім саласында түбірлі өзгерістеге әзірліктің қажет екенін басып айтты. Осы тұрғыда информатика пәнін жаңа талапқа сай оқытуды жетілдіру керек.
Қазіргі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлік графиканың маңыздылығы арта т

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: