үсуде. Соған орай, көптеген программалар жасалуда. Соның ішінде анимация жасауда көр қолданысқа ие - Macromedia Flash бағдарламасы. Интернет желісінде флэш анимациялар құру технологиясы күннен күнге белең алуда. Көптеген баннерлер, сайттар, ойындар, анимациялар және бірқатар қосымшалар осы бағдарламада жасалынады.
Flash программасының жыл сайын жаңарып отыратын мүмкіндіктері қолданушыларды қызықтырып, олардың санын жылдан-жылға арттыруда. Қазіргі таңда өңдеушілер Flash-тың көмегімен мультимедиалық жарнамалар, Web-беттер, ойын программаларын және электрондық оқулықтар құруда.
Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia Flash технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Қазір Macromedia Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады. Macromedia Flash технологиясы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:
1. Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) - векторлық графиканы пайдалану есебінде;
2. Интерактивтілік - пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;
3. Мультимедиялық - фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың стандартты
құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;
4. Көпсалалығы - Macromedia Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер де
орындалуы мүмкін;
5. Қолайлылық - Macromedia Flash технологиясы кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ
компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Macromedia Flash пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Осы мақсатымызға жету үшін, бізге Macromedia Flash технологиясын білу өте маңызды
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>