Титов атындағы 20 мектеп-гимназия
Тақырыбы:
"Мақал-мәтелдер - халық даналығы"
Дайындаған: Сахова А. Б.
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: "Мақал-мәтелдер - халық даналығы"
Сабақтың мақсаты:
білімділік: алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту, тіл мәдениетіне төселдіру, суреттеп, сипаттап әңгімелеуді меңгерту.
дамытушылық: елестету, қиялдау қабілеттерін дамыту, шығармашылық тапсырма беру арқылы дарындылық қабілетін арттыру, мақал-мәтелдер арқылы шешендік өнерге бейімдеу.
тәрбиелік: жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Әрбір істі саналы түрде орындауға, өмірде орны бар елеулі азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақ типі: білімді тексеру, бекіту
Сабақ көрнекілігі: дидактикалық материал, презентация, сөзжұмбақ, қосымша материалдар
Сабақ әдісі: қызығушылығын ояту, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу
Байланысы: қазақ тілімен, орыс тілімен, ағылшын тілімен, қоршаған ортамен, күнделікті өмірмен
САБАҚ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, әнұранды орындау, оқушыларды 2 топқа бөлу. Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, жарыс сабақ шарттарымен танысу.
Негізгі бөлім:
Мұғалім: Балалар, "Мақал-мәтелдер - халық даналығы" сабағын қайталау мақсатында біз бүгін жарыс сабақ ұйымдастырып отырмыз. Сендердің қаншалықты мақал-мәтелдерді жақсы білетіндіктеріңді, олардың мағынасын қалай түсінгендіктеріңді бақылаймыз.
Бүгінгі жарысымыз бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Сөзжұмбақ шешу: "Мақал", "Мәтел". Мақал-мәтелдердің негізгі тақырыпта
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>