М. Макатаев. Елім барда

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев "Елім барда"
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі-XX ғасырдың біртуар тұлғасы,поэзияның Хантәңіріне айналған ақын Мұқағалидің өміріне шолу,ақынның поэзиясына талдау жасай отырып өлеңнің идеясын,мақсатын ұғындыру. .
2. Дамытушылығы-оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту,өз пікірі,эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау,ауызша да,жазбаша да еркін,көркем сөйлеуге ақын шығармашылығы арқылы үйрету. .
3. Тәрбиелілігі-поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу,елін,жерін сүюге,әнді,өлеңді қадірлеуге,табиғатқа деген мейірімділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,анализдеу,синтездеу,салыстыру,ойтолғау.
Көрнекілігі: Слайд,тірек сызбалары
Пәнаралық байланыс: Музыка,тарих,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру
II. Үй-тапсырмасын сұрау

А)Блиц турнир
1. Мұқағали Мақатаев қай жылы,қайда дүниеге келген?
2. Мұқағалидің әкесінің аты кім?
3. Мұқағалидің анасының аты кім?
4. Мұқағалидің қандай өлеңдерін білесің?
5. Мұқағалидің Халық,Отан,Тіл деген ұғымдарын мақтанышпен білдіретін өлеңі қалай аталады?
6. Мұқағали ақынның қандай поэмалары бар?
7. Ақынға арналған мұражай мен ескерткіш қайда орналасқан?
8. Ақынға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы қашан берілді?
9. Қазақстан Жазушылар одағының шешімімен ақынға қандай атақ беріледі?
10. Мұқағали Мақатаев қай жылы дүние салды?

Ә)Ақынның "Қайырлы түн", "Қара өлең" атты өлеңдерін жатқа айту.

III. Жаңа сабақ: Таудай едің таудың алып тұлғасы,
Нағыз қазақ едің сөздің турасы.
Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,
Ей,өлеңнің буырқанған бурасы.
деп Жәркен Бөдешұлының өлең жолдарым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: