ен бастағалы тұрмын.
Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен,асқан шеберлікпен бере білу екінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары,өлең шығару дарыны ерекше үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Сондай таланттардың бірі - М. Мақатаев. Мұқағали ақын өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген қазақтың қара өлеңінің құдіретіне терең сырына қаныққан ақын. Сонымен бірге Мұқағали-ғажайып гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан,бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.
Табиғат,жанымды алсаң алшы менің
Бір түйір жерге түскен тамшың едім
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің
Артымда қалсын жерім,қалсын елім.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі,шабыт тұғыры-туған елі,өскен жері,Отан тағдыры,замана тынысы. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән бейнелі образдармен бедерлеп,өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп,мазмұнын байытты. Ақынға бір кездері ақ қанат құс арманын қуып келген ару Алматының төрінен көшенің аты берілді. Аспан тауының ақиық ақынына аспанмен таласқан биік ескерткіш те қойылды. Бұл-Мұқағалидің мәңгілік ғұмыр екенінің айқын айғағы.
IV. Мағынаны таны. "Елім барда" өлеңін мәнерлеп оқыту.
Өлең не жайында жазылған?
Ақын Отанына,еліне деген ыстық ықыласын қалай жеткізген?
V. Ойтолғау. Ақынның өлеңдері,қасиеттері және өлеңдерінен алған әсерім.
VI. Сергіту сәті.
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен,
Абай болып табынсам бір кісіден,
Абай болып түңілдім бір кісіден,
деп Абайды үлгі тұтқан ақиық ақынның өмірі жыр болса,жаны әнге құмар еді. Ақынның көптеген өлеңдеріне композиторлар ән шығарды.
VII. Бекіту.
Дискуссиялық сұрақт
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>