М. Мақатаев шығармалары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

нова
Шаттық шеңбері
Сәлем бердім қонақтарға,
Сәлем бердім достарға.
Сәлем беру кіреді,
Ата-дәстүр салтыма.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
-білім алушыларды ІІ топқа бөліп отырғызу
І топ: «Тұлпар»
ІІ топ: «Сұңқар»
ІІ. Негізгі бөлім. Презентациясы: «Ақынның жұмбақ әлемі» ақынның өмірбаяны мен шығармалары
Саламатсыздар ма, білім алушылар,қонақтар! Бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы «М. Мақатаев шығармалары» деп аталады.
1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол, қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында туған. Шешесі Нағима, әкесі Сүлеймен сол кездегі елдің беделді адамдары болған.
Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты-жөні – Мұхаметқали. Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады деп әрі еркелетіп, әрі қысқартып Мұқағали деп атап кеткен.
Әкесі Сүлеймен сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан. Сол себепті үй ішінің бар ауыртпалығы Мұқағалидың иығына түседі.
1948 жылы ауыл орта мектебін үздік бітіріп, Алматыға жоғары оқу орнына аттанып, зеректігінің арқасында еш қиындықсыз Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Бірақ орталыққа жақын аудандардың студенттеріне жатақхана берілмегендіктен, стипендиясы не тамағына, не пәтер ақысына жетпей, асыраусыз қалған үй ішінің ауыр тұрмысы оқуын әрі қарай жалғастыра беруге мүмкіндік бермей, бір жылдан соң оқуын тастап, Шибұт деп аталатын көрші ауылда ауылдық кеңестің хатшысы болып қызметке орналасады. Комсомол мүшесі әрі жас кадр ретінде қоғамдық үгіт-насихатқа, көркемөнерпаздардың ойын-сауық
жұмыстарына белсене ат салысады.
1949 жылы Советтік шекара газетінде екі өлеңі жарық көреді. Сол ауылда мұғалім бойжеткен қыз Лашын да үгіт-насихат, ойын-сауық жұм

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: