Құм қаласына саяхат

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ып, құмнан тауып алған геометриялық денені сылап сипап қандай дене екенін айтады. Және көзін ашып қандай түс екенін айтады.
Балалар сендерге атамыздың сыйлаған құмымен ойын ойнаған сендерге ұнады ма?
Дұрыс балалар, енді біз атамызға сыйлық жасап берейік. Мен сендерге боялмаған күннің бейнесін ұсынамын. Соны сары түсті құммен бояймыз. Бұрын бұндай құмды көрдіңдер ме?
Қазір осындай түрлі-түсті құмдарды дайындайтын арнайы өндіріс орындары бар екен. Олай болса балалар күнімізді бояуды бастайық.
Бояп болдық па? Шаршадыңдар ма? Шаршасаңдар бояуымыз кепкенше, "Психогимнастикалық жаттығу" жасап жіберейік. (Жайлап музыка ойнап тұрады).
1. Бірнеше рет иықтарымызды көтеріп түсіреміз, одан соң қатып қалған иықтарымызды "қысымынан" айырылу үшін оларды айналдыра қозғаймыз.
2. Жоғары қараймыз, "аспанға жеткізердей" қолымызды созамыз - бірінші бір қолымызбен, содан соң екінші қолымызбен, содан соң екі қолымызбен.
3. Аз уақытқа отырамыз, көзімізді жұмып бірнеше рет дем аламыз.
4. Орнымыздан тұрамыз. Басымызды сипалап және саусақтарымыздың басымен оның барлық ұңқыр-шұңқырларын уқалаймыз.
5. Қолымызбен жағымызды қысамыз. Оны саусақтары-мыздың басымен уқалаймыз.
Шаршағанымыз басылды ма? Енді сыйлығымызды атамызға сый-лайық.
Ата:Рахмет, сендерге балаларым. Мен сендерге ақ батамды берейін.
Жаз келіп көңілдерің жай болсын,
Көргендерің шаттық той болсын!
Абзал достарың көп болсын,
Берген батам сол болсын!
Әмин.
Қанеки, балалар атамызбен қоштасайық.
Енді кілемшемізге отырып, сиқырлы орамалымызбен бетімізді жауып, 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарып тобымызға қайта оралайық. Бетіміздегі орамалымызды ашайық. Міне балалар тобымызға да келдік.
Балалар келіседі.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: