Құм қаласына саяхат

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: "Құм қаласына саяхат"
Мақсаты: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білу дағдысын, құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білу, табиғат сырын ұғынып, оны қорғай білу қасиеттерін, қол, саусақ моторикаларын, танымдық даму деңгейлерін дамыту.
Қажетті құралдар: Құм қаласын жасауға арналған қорап, әр түрлі ойыншықтар, түрлі-түсті құмдар, қол сүрткіш, бетті жабуға орамал, қылқалам, ПВА желімі.
Әдістер: Жылулық шеңбері, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, мадақтау, түрлі-түсті құммен сурет салу.

Іс-әрекет кезеңі
Психологтың іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғалыс
Жайлап музыка ойнап тұрады. Балалар топқа кіреді. Артынан сиқыршы кіреді.
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сиқыршымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін мен сендермен бірге бір алыс сыйқырлы бір қалаға саяхатқа барғым келеді. Бармастан бұрын шеңберге тұрып, бір-бірімізге деген күннің жылы шуағындай жылы лебізімізді білдірейік. Рахмет, сендерге балалар.
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастыру-іздестіру
Балалар , сендер менімен бірге сыйқырлы қалаға баратын болдыңдар ма? Ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы. Оған тек ұшып қана бара аламыз. Олай болса кілемшеге отырып, көзімізді сыйқырлы орамалмен жауып, 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарамыз. Енді орамалымызды түсіреміз. Міне, бәріміз құм қаласындамыз. Қанеки бәріміз бірге жақындап тұрайық. Балалар сендер құм қаласынан не көріп тұрсыңдар? Бұл жерден құм басқан жалғыз үйді ғана көріп тұрмыз иә? Қазір сендер ең ақылды, ізденімпаз бала боласыңдар.
Балалар сендерге бір айта кететін жағдай: құмды ыдыстан шашуға, адамға қарай шашуға, құмд

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: