>
Берілген бағалау парақшасындағы бағалардан қорытынды бағалау қояды
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады
Оқушылар стикерге жазып кластерге апарып жабыстырады.
06. 12. 16 ж. 7 "а" сыныбында өткен тарих сабағына рефлексия
Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды. Сынып оқушылары берілген қағаздардан сөйлем құрап екі топқа бөлінді. Берілген сөйлемдер сабақтың мақсаты болды. Топ басшысын өз араларында сайлап, бағалау парақтары берілді. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында интербелсенді тақтаға саудаға түскен заттар көрсетілді. Екі топ оқушылары екі заттан мысалға алып, бір-біріне мақтап затты өткізуге тырысты.
Тақтаға ілінген түйе, машина және ұшақ суреттерімен саяхат сабақ басталды. Оқушыларға Қазақстанның картасы таратылып беріледі, оқушылар картаға Қазақстанның қалаларын белгіледі. Одан әрі түйемен саяхатқа шықты. Түйемен саяхаттағандағы тапсырма топтарға араласып жатқан сөздер берілді. Оқушылар сол сөздерден сөйлем құрады. Екі топта дұрыс орындап шықты. Ұлы Жібек жолы туралы бейне фильм көрсетілді. Бейнефильмде көргендерін естерінде сақтап, машинамен саяхатқа шыққанда кластер құру тапсырмасында пайдалану берілді. Оқушылар кластерге Ұлы Жібек жолының сол замандағы пайдасы жайлы жазды және қазіргі Қазақстанда Ұлы Жібек жолын жандандырса қалай болатынын жазды. Топтар өздерінің кластерлерін ортаға шығып қорғады. Түркиядағы Анкара қаласының ГАЗИ университетіндегі тарих ғылымдарының докторлары Гүлжанат Құрманғалиева-Ержиласун мен Қоңыралып Ержиласунмен тікелей видеотрансляция жүргізілді. Олар Ұлы Жібек жолының осыл
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>