Ұлттық ою өрнектер және киімдер

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

ал - жабдықтар: табақтың суретті, оюлардың түрлері, жай қарындаштар, бояулар, қылқалам, табақтың үлгісі.
Сөздік жұмыс: ою - өрнек, әшекейлеу, безендіру, қызғалдақ гүл, қошқар мүйіз өрнектер.
Қостілділік компонент:
табақ - блюдо,
әшекейлеу, безендіру - украшать,
өрнек - орнамент,
қошқар мүйіз - рога барана,
қызғаладақ гүл - цветок тюльпана.

Іс - әрекет кезендері:
І. Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
- Балалар, бүгінгі сабақты бір - бірімізге жақсы тіліктер айтудан бастайық.
Балалар шеңберге тұрып, оң жақтағы көршісіне жағымды жақсы сөздер айтады.

ІІ. Ұйымдастырушылық - ізденістік
Педагог кіріспе әңгіме өткізіп, балалардан қандай ыдыс - аяқ түрлерін білетіндерін сұрайды.
- Кесе, тәрелке, шәйнек.
Балаларға табақты қарастырылады.
- Балалар, мына суретте не көріп тұрсыңдар?
- Табақ.
Табақ дегеніміз тәрелкенің үлкен түрі айтады. Бұл қазақтың ұлттық шеберлерінің бір түрі ыдыс - аяқ.
- Табаққа қандай тағамды саламыз?
Балалардың жауаптары.
Расында да, бұл табаққа ұлттық тамақ - етті салады. Сондықтан табақ әр үйде болу керек.
- Табақ қандай пішіндерге ұқсайды?
- Дөңгелек.
- Табақты қалай әшекейлеуге болады?
- Гүлдермен, домалақтармен, сызықтармен.
- Балалар, біз бүгін табақты өрнекпен әдемі әшекейлейміз. Соны табақты сендер аналарға сыйлайсыңдар.
Ертеде ыдыстарды, тұрмыс бұйымдары түрлі ою - өрнектермен безендірілген. Ою - өрнек - сан алуан ұлт адамдарының тұрмысынан өз көрінісін тапқан өте ежелгі өнер. Ою - өрнек ерте замандардан бері тұмар болып саналған. Ыдыс - аяқты, киімдерді жиһаздарды ою - өрнекпен әшекейлеген. Біздің ата - әжелеріміз ою - өрнек символдарының құпия мағынасын оқи білген. Көбінесе өрнектер ақ пен қара болған. Бұд

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: