Күні: Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация
Тақырыбы: "Ұлттық ою-өрнек"
мақсаты:
1. Екіге бүктелген парақтан күрделі емес ұлттық ою-өрнектерді симметриялы қиюды үйрету;
2. Балалардың халық өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
3. Шыдамдылыққа, ұқыптылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру;
Педагогқа керекті құралдар: Ұлттық ою-өрнектермен безендірілген тұрмыстық заттар суреттері,қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, қолорамал;
Балаларға керекті құралдар: Жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз,гуашь, қайшы, қылқалам, қолорамал;
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балаларға ұлттық бұйымдардың суреттерін көрсетіп, олардың ерекшелігіне, ою-өрнегіне, түр-түсіне назар аудару.
Ұлттық ою-өрнектер туралы түсініктері болады.
Ұйымдастыру- іздестіру
Қазақ халқының ерте заманнан-ақ өте шебер, өнерлі болғанын ұлттық тұтынатын, пайдаланатын заттарынан байқауға болады. Қазақтың киіз үйінен бастап, оның ішіндегі барлық керекті заттары - текемет, сырмақ, тұскиіз, әдемі кілемдер үйге көрік беріп тұрады. Бұлардың барлығы әртүрлі ою-өрнектермен безендірілген. Киімдері, құрал-саймандары, ыдыс-аяқтарының барлығы дерлік көз тартар әдемі оюлармен әшекейленген. Олардың өрнектері өзара үйлесе орналасқан, әртүрлі бұйымға салынатын өрнектердің де бір-бірінен айырмашылықтары болады.
Ою қиюдың жаңа тәсілімен таныстыру.
1. Оюдың үлгісін қиып алу;
2. Түрлі түсті қағаздан дайындаманы қиып алу;
3. Дайындаманы екіге бүктеп, оюдың үлгісін қағаздың бүгу сызығы бойымен орналастырып, жай қарындашпен айналдыра сызу.
4. Контур сызығы бойымен қиып алып, қағазды жазу;
5. Негізгі бетке аппликацияның бөлшект
Страницы: 1 | 2 > >>