л тілдерін білу міндеті қойылып отыр. Осы орайда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: "Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс" деген болатын. .
Сондықтан да, шетел тілдерінің оқытылу сапасын халықаралық стандарт талабына сәйкестендіру қазіргі кезде мектептің алдына қойылған басты педагогикалық мақсаты болып отыр. Оқушыларға сапалы білім беріп, алынған білімдерін анықтау мақсатында тестік технологияның алар орны зор. Бірнеше жылдар көлемінде білім саласында жүргізіліп жүрген бірыңғай ұлттық тестілеу өткізудің бітіруші түлектер үшін маңызы зор. 11 жыл бойы берілген білімнің нақты көрсетілетін нәтижесі де осы - ҰБТ. Әрбір пән мұғалімінің ең түйінді мәселесінің бірі - ҰБТ нәтижесін жақсарту мен көтерудің жолы. ҰБТ нәтижесін жақсарту мақсатында өзіміздің іс - тәжірибемізді бөліскіміз келеді. ҰБТ тапсыратын оқушыларға жылдық жоспар жасаймыз. Жылдық жоспар оқушыларға төменгі сыныпта берілген материалдар негізінде жасалады. Әртүрлі тақырыптарға арналған тест жұмыстары, тарихи сұрақтар, мақал-мәтелдер, идиомалар, фразалық етістіктер жинақталады.
ҰБТ - ға дайындықты үш кезеңге бөліп жүргіземіз.
Кезеңдерге бөліп дайындық жүргізудің мақсаты:
- тіл білімі салаларынан берілетін білімді тереңдету;
- оқушылардың мүмкіндігін анықтай отырып, оларға көмек көрсету;
- әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, білімін толықтыру;
- тақырыптарды толық меңгертіп, білім сапасын арттыру.
Енді әр кезең бойынша атқарылатын жұмыс бойынша тоқталып өтейін.
1 кезең. Теориялық бөлім
2 кезең. Практикалық бөлім (Мұнда тақырыптық жаттығу жұмыстарымен жұмыс жүргізіледі)
3 кезең. Қорытынды бөлім. Өтілген тақырыптарға арналған сынақ тест жұмысы.
Үш кезең бойынша жүрг
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>