ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Ағылшын тілі пән мұғалімдері: Кеулімжаева Базаркүл Елеуқызы
Қасенова Гүлшара Күзембайқызы
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы 2 мектеп- гимназия
Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауында атап көрсетілгендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты. Елдің ертеңгі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой- пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Елбасымыздың биылғы жылғы Жолдауында білім мен тәрбие мәселелерін былай деп атап өтті:
Білім беру саласының басты міндеті- білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту;
Білім және ғылым министрлігі және облыс әкімдері үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын;
Үкімет "Тілдердің үш тұғырлылығы" мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс.
Уақыт талабына сай жоғарғы білімнің негізгі ерекшелігі- оның жеке тұлғаға бағытталып, оның рухани және мәдени тұрғыдан өсуіне, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету болып табылады.
Білім мен тәрбие тұғыры тіл болғандықтан, тілдерді оқыту жайлы қашан да басты назардан қалмай келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы", "Тіл туралы" заңдарға, сонымен қатар бүкілхалықтық талқылауға түсіп, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына" сәйкес еліміздің ұрпағы алдына мемлекеттік тіл- қазақ тілін, орыс тілін және шете

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: