Дене тәрбиЖоспары:
1. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
4. Сыныптан тыс жұмыстар.
5. Тәртіп.
6. Салауатты өмір салты. (П. Иванов жүйесі).
БАЯНДАМА
Ұлт тәрбиесі - салауатты ұрпақ қолында
Аринов Абзалбек Қасабайұлы
ШҚО, Семей қаласы, Т. Аманов атындағы 16 жалпы орта білім беретін мектеп
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте, елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - "Мемлекетіміздегі азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында" және кезекті Жолдауында денешынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жалпы білім беретін орта мектепте жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағытталған елбасының жолдауын - егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Бүгінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі - жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Адамның ақыл-ой интелектісін оның білімділік деңгейінен байқауға болады. Білім - ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және нег
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>