Пән:Технология.
Сынып: 6 "А"
Сабақтың тақырыбы: "Өлшемдерді алу. Белдемше сызбасын дайындау. "
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бұйым сызбасын құруға арналған өлшем алу жөніндегі тапсырманы меңгеруін қамтамасыз ету. Дәстүрлі, сән журналдарынан,компютерлік бағарлама арқылы пішім жасап үйрету. Өлшем алу біліктерін жетілдіру,сантиметрлік лентаны дұрыс қолдана білуді үйрету. Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңестік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай жасау. Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке,дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау.
Оқыту әдістері: Көрнекілікті, ауызша баяндау, практикалық, ізденушілік.
Оқыту формалары: Топтық, әңгімелеу,пікірлесу.
Көрнекі құралдар мен жабдықтар: Интерактивтік тақта, сән журналдары, "Закройщик" бағдарламасы, белдемшенің нұсқауламалық картасы, сантиметрлік таспалар, белге арналған бау, сызғыш, карандаш, өшіргіш.
Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, қазақ тілі, сызу, информатика
Сабақтың барысы:
I . Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. . Үй тапсырмасын тексеру .
Тест 1. Белдікті бұйымдарға қандай киімдер жатады? а) шалбар, белдемше ә) көйлек, блузка,шалбар б) белдемше, камзол,баскиім 2. Табиғи талшықтарды ата? а) жібек, капрон ә) жүн, жібек б) лавсан, шифон 3. Қолдану мақсатына қарай киім түрлерінің бөлінуі? а)тұрмыстық, өндірістік, формалық ә)жазғы,қысқы б)сырткиім,баскиім 4. Маусымдық қолданысына қарай киімдер? а)жазғы,қыстық,көктем мен күз ә) эстетикалық, гигиеналық б) классикалық, романтикалық 5. Киімге қойылатын гигеналық талаптар? а)бағасының қымбат болмауы ә)химиялық тазалауларға төзімділігі б)ылғалсіңіргіштік, ауаөткізгіштігі,жылусақтағыштығы 6. Киімге қойылатын экономикалық талаптар? а
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>