) сапасы жоғары, бағасы қымбат болмауы ә)сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғауы б) жуу құралдарына төзімділігі 7. Өлшем алғанда пайдаланатын құрал? а) сызғыш ә) сантиметрлік таспа б) лекало Дұрыс жауаптары: 1а,2ә,3а,4а,5б,6а,7ә Оқушылар жауаптарын өздері тексереді. Бағалау нормасы: "5"балл - 7дұрыс жауап "4"балл - 5-6 дұрыс жауап "3"балл - 3-4 дұрыс жауап
ІІІ. Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау Жұмбақ - жауап - мақал арқылы жүзеге асырылады. Жұмбақ жасырады, жауапты қабылдайды, соған сәйкес мақал айтуды ұсынады. Оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Жұмбақ
Жауап
Мақал
Тұра қалсам алдына, Жалтыраған ақ айдын, Өзiмдi -өзiм мен мына, Көре аламын ап-айқын.
Айна
Көз адамның айнасы
Егіз қайың, Бой-бастары тең өскен. Іске дайын, Бұтақтары бес-бестен.
Қол
Көз қорқақ, қол батыр.
Екi басы дөңгелек, Екi ұшы сүйiр, Қиғанға үйiр.
Қайшы
Алтын қасық ішуге жақсы Алтын қайшы кесуге жақсы
Танауында арқаны, Бiр батып,бiр шығып, Алға қарай тартады.
Ине
Тігіншіні инесі асырайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІ. Жаңа сабақ
Белдемшенің шығу тарихы. Белдемше- әйелдердің сәнді киімі. 19 ғасырдың аяғына дейін әйелдер оны ойын-сауық кезінде көйлек сыртынан киген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір-біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібекматалардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді; Белдемше -- үй шаруасында жүргенде алға байлап алатын алжапқышты да "белдемше" деп атайды. Оны жалаң қабат күйінде, түрлі-түсті шыттан тігіп, малсауғанда, тамақ даярлаға
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>