Ұлпан романы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сайфулин С. М.
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Қазақ әдебиеті
9 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы ана, әйел тақырыбы. «Ұлпан» романындағы Ұлпан образы.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға романның мазмұнын, идеясын, тақырыбын ұғындыру; «Ұлпан» романының қазақ прозасының ішіндегі ана бейнесін жасаудағы шоқтығы биік өнер туындысы екенін таныту.
2) Дамытушылық: Басты кейіпкерлер өмірде болғандығын, оның тарихи типтік образдарын оқу мен жазу арқылы өз ара кеңесе отырып, жеке және топтық жүйеде талқылау жұмысына үйрету.
3) Тәрбиелік: Асылдың сынығындай ардақты, киелі тарихи адамдардың бейнесін тани білуге баулу, Ұлпан ананың бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптей отырып, үлгі ету.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, электронды оқулық (Қазақ прозасындағы аналар бейнесі), интернет материалдары.
Сабақтың әдісі: топтастыру, із қуалау, семантикалық карта, салыстыру сызбасы, кубизм, эссе.
Сабақтың түрі: шығармашылық - ізденіс сабағы
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерт
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2. Оқушыларды ойын арқылы топқа бөліп отырғызу.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
Кіріспе: Өресі биік өнер иесі, әдебиетке 20 - жылдардың екінші жартысында келген абзал аға, жазушы Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың қаламынан туған бірнеше шығармаларымен, мазмұнымен, тақырыбымен танысып келдік. Олай болса, ой жинақтау үшін мынадай сұрақтар беріледі:
1. Ғ. Мүсіреповтың алғашқы көлемді туындысы қайсы, онда өмірдің қандай шындығы бейнеленеді?
2. 1928 жылы жазылған прозалық шығармасы қандай, онда қандай өмір баяндалады?
3. Ғ. Мүсіреповтың сатиралық әңгімелеріндегі өмір шындығы («Талпақ танау», «Шұғыла»).
4. Ғ. Мүсірепов

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: