сатиралық әңгімелерінде қандай образдар күлкілі, әжуамен сыналып, мінеледі?
5. «Әңгімеші Ғ. Мүсірепов – адам жанының зерттеушісі» деп айтуымыздың себебін түсіндіріңіздер.
ІІІ. Жаңа сабақ
Төмендегі сызба арқылы оқушылар ойын жинақтап, жаңа сабаққа бағыт - бағдар беремін.
Ғ. Мүсіреповтың шығармалары қандай тақырыптарға арналады?
Жауап: Отан, туған жер, өнідіріс, табиғат, махаббат, ерлік.
Ана, әйел: ер ана, Ақлима, ананың анасы, Ұлпан, ананың арашасы.
摧毁ሀ
Үйге берілген тапсырмалар негізінде құрылған сюжеттік жоспар бойынша «Ұлпан» романын бөлімдерге бөліп, тақырыпша қою.
Сюжеттік жоспар: (жоба)
1. Есенейдің анасы І топ
2. Әмеңгерлік ІІ топ
3. Күшік күйеу ІІІ топ
Осы жоспар бойынша романды мазмұндату. Мазмұнмен танысып болған соң, 3 топқа Ұлпан бейнесін талдау үшін 3 түрлі тапсырма беремін.
І топ. «Із қалдыру» әдісі бойынша Ұлпанға байланысты оқиғаларды теріп, беттерін оқулықтан анықтайды.
Тақырыпша
Бөлім
Беттері
ІІ топ. Симантикалық карта жасау арқылы Ұлпанның елге жасаған қызметі және Ұлпан жайлы жұрттың пікірін оқулықтан жинастыру.
Ұлпан – ұлт анасы, ел анасы, халық анасы.
Ұлпанның елге жасаған қызметі -- Ұлпан жайлы ел – жұрттың пікірі
ІІІ топ. Электрондық оқулықтан алған әсерлері арқылы М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Ұлжан ана мен Ұлпан бейнелерінің ерекшеліктері мен ортақ қасиетін анықтау.
Ұлжан --- Ортақ қасиеттері ----- Ұлпан
Романдағы басты кейіпкеріміз Ұлпан ананың бейнесін таныту үшін осындай әдістер қолданып, оқушылардың өз бетінше іздене жұмыс жасауына жол ашамыз.
ІҮ. Жаңа сабақты қорыту.
Жаңа сабақты қорытуға кубизм тәсілін қолданамын. Ұлпан бейнесін ашуға негіз боларлық нақты сұрақтар беріледі. Оқушының көз қарасы мен өз пікірін қор
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>