Логикалық зерттеу саласы – ойлау қабілеті

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындату-дың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

2. 3. Шығармашылық жаттығулар.
Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат-өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімтал- дық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылық-тарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жайында болу;
Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру.

Баланың іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз - баланы ойлай білуге үйрету болып табылады. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпестен бұрын соған үйреткен дұрыс. Ойлап үйрену үшін оқушының зейінін тұрақтандыру, интеллектісін дамыту керек.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын (шығармашылығын) дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге бол

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: