Логикалық зерттеу саласы – ойлау қабілеті

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>

енингтік жаттығуларды ұйымдас-тыру қажет. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар оқушы білімінің деңгейін көтеріп қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді; жүйелі ойлап сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді.
2. 4. Сабақ үлгісі:
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар
Оқу іс - әрекетінің мақсаты:Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекіліктері: аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
1. Кіріспе бөлім.
А)Жұмбақтар шешу.
1. Қалқиып қос құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. ( Қоян)


2. Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)


3. Ағаштан-ағашқа секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң. (Тиін)

4. Айбарлы түрі бар,
Қанжардай тісі бар,
Тұма бойында
Тасыған күші бар
Күжірейген жалды.
Білсең айт бұл аңды. (Арыстан)


5. Халық "қу" деп,
Қылған күлкі
Айласы көп.
Бұл не? (Түлкі)



6. Тарғыл-тарғыл тас па,
Тастан бірақ басқа
Мекені қамыста,
Бұл саған таныс па? (Жолбарыс)

7. Бейқам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)


ә)Мәтінмен жұмыс. Хрестоматияда берілген "Жануарлар әлемі" атты мәтінді оқып беру. Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар - көк кит, ең ұзын жануар - керік туралы мәлімет беріледі.


б) Сұрақ - жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу. Балаларға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнетаспалар кө

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: