ListBox компонентімен практикалық жұмыс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: ListBox компонентімен практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Visual Basic бағдарламасында шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Объектілі бағдарланған программалау бойынша алған білімдерін саралау.
Дамытушылық: Әр оқушының сабаққа деген ынта мен қабілетін біріктіріп, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту
Сабақтың түрі: практикалық - ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,практикалық тапсырманы орындау
Сабақтың көрнекілігі: практикалық тапсырма
Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютер
Сабақтың түрі: практикалық-ізденіс сабағы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын аудару.
Үй тапсырмасын тексеру:
1. ListBox басқару элементінің қызметін атаңдар.
2. ListBox басқару элементінің қасиеттерін атаңдар.
ListBox Тізім басқару элементі ListBox батырмасымен жасалады және мәндер тізімін бейнелеу үшін қолданылады. Пайдаланушы тізімде кейін бағдарлама мәтінінде қолданылатын бір немесе бірнеше мәндер таңдай алады. Тізімнің ең жиі қолданылатын қасиеттерін атап өтсек:
ListBox - Пішінге бірнеше қатардан тұратын жазулар тізімін шығарады.
List – қатарға мән беру немесе оның мәнін анықтау
ListIndex – толтырылған тізімнен қатардың нөмірін анықтайды.
ListCount – тізімдегі қатарлар санын анықтайды.
Column – тізімдегі бірнеше бағандарға бөліп көрсету мүмкіндігін орнатады.
Практикалық тапсырма
1-тапсырма. Айлар тізімі қосымшасын құру.
Пішінде ListBox1, CommandButton басқару элементтерін орналастыр.
Осы басқару элементтері үшін келесі қасиеттерді орнатыңдар:
ОбъектОбъект

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: