мес кемдігім.
Бүгіннен бастап сауатты балалардың білімін әрі қарай мына менің оқулығымның арқасында дамытып, тереңдете түсеміз. Сондықтан да ана тілін жақсылап оқиды деген сенімдемін. (ана тілі таққа отырады)
Әліппе хан: Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым. Қазақта мынадай мақал бар ғой "Басы қатты болса, аяғы тәтті" деген. Енді осы білімдеріңді менің ұлым Ана тілімен бірге жалғстырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. "Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар.
Балалар: -Қош болыңыз Әліппе хан!
Мұғалім: Содан елді Ана тілі ханы басқарыпты. Уәзірлері Әліппе ханның қаталдығы мен талапшылдығының арқасында Ана тілі ханына тез үйреніп, білімді болып, есімдері әлемге әйгіл болыпты.
Мұғалім: Құрметті қонақтар! Сіздер бірер сәт ертегі елінің саяхатынан оралдыңыздар. 1-сынып бүлдіршіндерінің сүйікті Әліппемен қоштасу рәсімінің куәсі болдыңыздар.
Әліппемен қоштасу мерекеміздің соңында Каби Жандосты "Көк тудың желбірегені" әнімен ортаға шақырмақпын. Жандосымыз әлі кішкентай. Сонда да болашағынан мол үміт күттірген, патриоттық әндерді сүйіп орындайтын еліміздің патриоты боламын деп талаптанып жүрген бүлдіршіндеріміздің бірі. Олай болса қол соғып қошеметтеп отырыңыздар.
Мұғалім: Мектептен ажырамай бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Бүлдіршіндерге арналсын тілегіңіз. Сөз кезегін мектеп басшысы Солтанов С. Ж. береміз.
Мұғалім: Арманмен алыстарға аттанарда,
Жас оралар іркіліп жанарларға.
Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкел
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>