Әліппемен қоштасу

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ыс. )
-Еңбекқор; (Алихан)
-Парасатты; (Жандос)
-Азамат болып өсуге;(Әсем)
Бірге: Уәде етеміз.
Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын,
Ән бимен шашу шашылсын,
Мың бұралып бишілер,
Бименен кешті жалғасын.
"Жалқаубек" әніне би
Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Қазір балаларыңыздың қаншалықты сауатының ашылғанын көру мақсатында оларға кітап оқытып көрейік. Ал енді осында тұрған буындардан сөз құраймыз. Сонымен қатар сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.
Әліппе хан: Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, санауды, жазуды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім ?
Хормен: МЕКТЕП. МҰҒАЛІМ. ӘЛІППЕ.
Ән " Ардақты мұғалім"
КВН
Мұғалім: Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая менен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен атамыз бекер айтпаса керек. Олай болса кішкентай бүлдіршіндердің ата-анасын ортаға шақырамыз, сонымен қатар
Армысыздар мұғалімдер, Әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолдағы тарландар -дей келе мектебіміздің айнасы болып отырған мектеп директорын, оқу ісінің меңгерушісін және де тәрбие ісінің меңгерушілерін ортаға шақырамыз.
Ойын. "Кім жылдам?"
Көрініс: Алдар көсе
Әліппе хан: Мен сондай ризамын. Өзімнің орнымды балам "Ана тілі" басады деп сенемін. Ана тілді ортаға шақырамын.
Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріңе,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтіндел

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: