Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата-ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.
- Құрметті жиналған қауым, ата-аналар, ұстаздар. Біз бүгін шәкірттеріміздің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан сүйікті Әліппемен қоштаспақшымыз. Әліппе кітабы бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе кітабы 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп, сауаттылықтарын арттырады. Әліппені бітіру - алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгін сол белестің бірінен астық. Сондықтан да салтанатты мерекеге қош келдіңіздер!
Мұғалім: Ерте, ерте, ертеде үлкен бір шаһарда Әліппе хан билік жасапты. Ханның 40 уәзірі, 2 күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен. Ол уәзірлеріне ел аралатып, білімсіз балаларды жинатып, жазалап сауаттандырады екен. Бүгін әліппе хан елін жинап тақтан кететінін жарияламақшы екен.
Уәзір: Уа, халайық! Келіңіздер, көріңіздер, Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.
Уәзір: Уа жараңдар, жараңдар! Әліппе хан өз орнына ұлын сайламақшы. 40 уәзірі мен 2 күтушішінің ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңдар.
Әліппе хан: Уәзірлерім, сендер неге тұрсыңдар. Киров мектебіне барып келіңдер. Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде 1-сыныпта сауатсыз балалар болмауы керек.
Уәзір: Әміріңізге құлдық хан ием! Біз Киров мектебін түгел араладық. Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында 1-сыныпта сауатсыз бала жоқ. Барлығы білімді,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>