Әліппемен қоштасу

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

сауатты, өнерлі екен.
Әліппе хан: (көңілденіп) Тамаша! Тамаша! Ха-ха-ха Мен осыншама уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым? Барлық балалардың сауаты ашылғанша мен де уайымдап, көңілсіз жүрдім. Бүгін менің де, мына дүйім жұрттың да көңілін көтеріңдер. Менің жарлығымды орыңдаңдар!
Мұғалім: Олай болса хан ием! 1-сынып бүлдіршіндері 4 айдың ішінде қаншалықты білім алғанын сізге көрсетпекші болып келіп тұр. Рұқсат етсеңіз, оларды ортаға шақырсақ.
Әліппе хан: Әрине шақыр. Олардың менің бұйрығымды қаншалықты орындағанын көрелік!
Мұғалім: Ендеше зор қошеметпен ортаға бүлдіршіндерімізді шақырамыз. Қол соғып, қошеметтеп отырыңыздар. (Әр оқушы өздерін таныстырады)
1. Жұмсағанда баратын,
Айтқан тілді алатын,
Мен боламын Амина.
2. Дарасы болар даланың
Әли деген баламын.
3. Сәулелі де сымбатты,
Сөйлегенім тым тәтті.
Аяулым деген қыздарың,
Сіздерге арнап тіл қатты.
4. Жақсылықты жақтайтын,
Бәрін біліп жаттайтын.
Жандос деген мен болам.
5. Бармағынан бал тамған,
Балдай тәтті Мәдинамын.
6. Тоқтар деген баламын,
Есепті мен шағамын.
7. Әсем қызбын кең маңдай,
Әдемімін мен қандай.
8. Ай мен күні анамның,
Ақылдысы атамның,
Мен Алихан боламын.
9. Жанерке мен боламын,
Айнала би билеймін.
10. Көп оқитын, көп тоқитын,
Шыңғыс деген мен болам.
Жандос: Армысыздар жас достар,
Армысыздар ата-ана!
Әсем: Болашаққа жол бастар,
Балаң келді ортаға.
Әли: Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Әмина: Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден.
Аяулым: - Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет
сауатымызды ашқан жақын досымыз "Әліппені" бітірдік.
Мәдина: - Мен енді алыстағы туыстар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: