Тақырыбы: "Әліппе білім бастауы" Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін үйренген өнерлерін, жасалған жұмыс нәтижелерін қорытындылау. Әліппеге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру, өздерінің сауаын ашқан кітабы Әліппеге байланысты өлең тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету, өзін - өзі бақылау мен зейін дағдыларын нақтылай түсу. Көрнекілігі: оқу, білім жайлы ұлағатты сөздер, интерактивтәі тақта. Барысы: Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар. Бүгінгі күн ерекше күн. Өйткені бүлдіршіндеріміз тұңғыш сауатын ашқан Әліппені бітіріп, қоштаспақ. Төрт ай ішіндегі білімімізді ортаға салып, назарларыңызға ұсынбақпыз. . . Бүгін үлкен салтанат, Өтті оқу, сан сабақ. Оқулықпен достаспақ, Әліппемен қоштаспақ. Әріптерді таныған Өңкей білгіш балдырған Өсті білім, бойларың, Құтты болсын тойларың, - деп бүгінгі мерекелік кешіміді бастауға рұқсат етіңіздер. Менің көмекшілерімді таныстыра кетейін.
1- жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден бата алар.
2-жүргізуші
Ұл қыздарың көрсетпекші өнерлерін
Бар қаауым тамсана таңдай қағар.
1-жүргізуші. Мерекеге қатсушы балаларды ортаға шақырайық.
2-жүргізуші
Біздің сынып тамаша,
Көз тоймайды қараса,
17 қыз, 15ұл
Күнде түгел санаса
1-жүргізуші
Сабақтан ешкім қалмайды,
Нашар баға алмайды
Шаршамайды мұғалім
Әр бала өнер таңдайды
Ана тілін шақыру
Балалар, алғашқы әліппені кім жазды?
oo Ыбырай ата
Әліппе. Өте жақсы, балалар, енді басқа да ұлы адамдар туралы сендер " Ана тілі" оқулығынан оқитын боласындар. Олай болса , "Ана тілін" ортаға шақырайық.
Ана тілі. Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне.
Ана тілі пәнімін
Ана
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>