Әліппе білім бастауы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

а таза ұқыпты етіп қалдыруларыңды сұраймын.
Әліппе : Рахмет, балалар!сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер. Ана тілімен таныстырдым. Енді рұқсат болса мен кетейін.
Бәрі бірге: Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен
Әліппе : Қош болыңдар!
Ән : "Рахмет саған әліппе"
Мектеп басшыларына сөз беріледі
Мұғалім : Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар.
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан,
Ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
Қош сау болыңыздар!

Мен және менің отбасым .
Мақсаты : Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамытуда, ата- ана шығармашылығын ұштау, оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсуі : мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Безендірілуі: Шарлар, гүлдер, ұлағатты сөздер Барысы: Мұғалім : "Ана - сая болар бағым болса, Әке асқар тауың" дейді қазақта. Бір күн бар жылытар күн, жұбатар күн Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын,сәтсіз болсын "Әке" деген сезімді ұмытар кім?! Ана- жарық сыйлаған жан екенсін, Ана- шуақ шашатын таң екенсін "Ана - өмір , ана- бақыт, ана- жүрек" Деп соққан жүрегімнің әні екенсін Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емеспе?!
Құрметті ата - аналар , ұстаздар және оқушылар ! Бүгінгі біздің мектепте ата-ана мен бала арасындағы махаббаттың бір айшығы ретінде ұйымдастырылып отырған мен және менің отбасым атты сайысқа қош келдіңіздер!
Отбасы- қоғамның ең кіші бөлшегі. Отбасының адмазат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды, ата-ананың

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: