ератор бір–бірінен нүктелі үтір арқылы бөлінген бірнеше операторларды begin және end түйінді сөздерімен шектей отырып, оларды бір оператор тәрізді орындалатын етіп біріктіру жолымен ұйымдастырылады.
Құрама оператордың синтаксистік диаграммасы
Мұндағы операторды шектеп тұрған begin (БАСЫ), end (СОҢЫ) түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады.
Шартты операторлар. Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар, олар if және case.
Шартсыз көшу операторы. Шартсыз көшу операторы операторлардың рет – ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды белгісі бар операторға көшу ісін орындайды. Ол GOTO (көшу) түйінді сөзінен басталады, одан кейін LABEL бөлімінде сипатталған белгі атауы саны көрсетіледі.
Таңдау операторы (case) бірнеше операторлардың ішінен таңдау жолымен тармақталуды ұйымдастырады.
Мысалы:
Апта күндерінің реттік нөмірі бойынша олардың аттарын анықтайтын
программа құру керек.
Program kyn;
Var kyn: integer ;
Begin
Write ( kynnin aptadagi rettik nomirin engizinder: );
Readln (kyn);
Case kyn of
1: writeln ( duisenbi);
2: writeln ( seisenbi);
3: writeln ( sarsenbi);
4: writeln ( beisenbi);
5: writeln ( juma);
6: writeln ( senbi);
7: writeln ( jeksenbi);
Else writeln ( 1… 7 araligindagi sandardi engizinder);
End
End.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Құрылымдық операторларға қандай операторлар жатады?
Қарапайым және құрылымдық операторлардың айырмашылығы неде?
Құрама оператор деп қандай операторды айтамыз?
Паскаль тілінде операторлық жақша дегеніміз не?
Үйге тапсырма:
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары.
Страницы: << < 29 | 30 | 31 | 32 | 33 > >>