Әлемді тербеткен ана

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

на дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ!
Ендігі кезекте сайысымыздың екінші бөлімі отбасылық топтарымыздың дайындаған "Ананың аялы алақаны" атты жағдаяттық көрініс өнерін тамашалуға рұқсат етіңіздер.
(Отбасылар өнерлерін көрсетеді)
2-жүргізуші:
-Қымбатты қазылар алқасы мүшелері , екінші бөліміміздің бағасын көтерсеңіздер.
(Бағаларын оқу. )
Би дегенің әдемілік жайнаған
Сұлулықпен сәнге толар айналаң
Би дегенің - сұлулықтың символы деп
санайды екен, балайды екен ойлы адам,- дей келе
Үлгілі "Айгөлек" хореографиялық би ұжымының "Қуанамын" биін қабыл алыңыздар!
Ең күшті нәрсе не? - десе,
- Әйелдің әмірі! - дер едім.
Әйелдердің барлығын
Жердегі Тәңірі! - дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын.
1-жүргізуші:
Назерке, керемет айттың! Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін бір әдемі жыр жолдарын тыңдап алайық:
"Мәнерлеп оқу" үйірмесінің білім алушысы Айтени Бекнұр.
(Мәнерлеп ана туралы өлең оқу)
2-жүргізуші:
Адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ананың ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Біз анадан өмірімізге керектінің барлығын да үйренеміз. Соның дәлелі ретінде әке мен бала әжеміз бен анамызға дәмді тағам әзірлеп бермекші. Яғни, сайыстың үшінші бөлімі - "Ас мәзіріне" де кезек жетті.
Отбасылық топтағы әкелер мен ұлдарымызды ас мәзірін дайындауға шақырамыз. Уақыт шектеулі. Даярлап болған соң әжелер мен
аналарымызға табыстаймыз. Әжелер мен аналар дәмін татып көрген соң, бағалау үшін әділқазыларға ұсынамыз.
Қане, бастаймыз!
(Әкелер мен балалар сахнада оңай жасалатын тағамдар жасайды. )
Вокал үйірмесінің

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: