Әлемді тербеткен ана

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі - көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
2-жүргізуші:
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Ана деген - тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті Аналар!
1-жүргізуші:
Ана - жұмақ, мен - шуақ, саябағы,
Ана - шырақ, мен - сұрақ санадағы.
Ана - теңіз, мен - қайық тербетілген,
Ана - бұлақ, мен - құрақ жағадағы.

2-жүргізуші:
Қадірлі қауым! Бүгін сіздер "Татулығы жарасқан отбасы" атты мерекелік сайысына қатысып отырсыздар. Біздің мерекелік кешіміз әже, әке, ана мен баланың қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Яғни, сайысқа отбасылық топтар қатысады. Осы 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен және де сайысқа қатысушы отбасыларымызға ыстық ықыласын білдіру үшін құттықтау сөз кезегі "БЖШО" директоры Нигматуллина Альфия Зинатуловнаға беріледі!
Директор сөз сөйлейді
1-жүргізуші:
Әже,әке,ана,бала бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру. Презентация (3 мин)
2. Ананың аялы алақаны . Жағдаяттық көрініс. (3-5 мин)
3. Тату үйдің тамағы тәтті. Ас мәзірі (3-5 мин))
4. Артық болмас білгенің. Отбасы деректері. (3 мин)
5. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда. Әке мен бала билейді. (3-5 мин)
2-жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңызда

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: