Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: лексикадан алған білімдерін пысықтау, тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, талдау формасын қалыптастыру.
б) дамытушылық: оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, белсенді ойлау қабілеттерін жетілдіру.
в) тәрбиелік: өзін - өзі тани білуге, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өткен материалды қайталау
Көрнекіліктері: суреттер, үлестірме карточкалар, қима қағаздар, кестелер.
Сабақтың әдісі: синквейн, түсіндіру, оқу, сұрақ-жауап, кластер, венн диаграмма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Кіріспе сөз.
Қазақ тілім - өз тілім, анам тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім!
Салеметсіңдерме, здравствуйте, good morning
Отырыңдар, садитесь, sit down please
Бүгін кім кезекші? Who is on duty today? Кто сегодня дежурный?
Бүгін нешесі? What is the date today? Какое сегодня число
Оқушылар іштерін өздеріне тілек тілейді, 15 секундтан кейін жұптасып, жұбына өзіне не тілесе, соны тілейді.
1. Оқушыларды мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.
І топ: "Оқу-білім" / знание/ knowledge
ІІ топ: "Достық" /дружба/ friendship
III топ "Отан" /Родина/Homeland
Әр топ өз топтарының аттарын үш тілде айтады.
2. Тапсырмалар орындау
1 тапсырма.
Лексика тарауына "Кластер" әдісін жасау. Әр топқа бір ватманнан беріледі және оны қорғайды.
Лексика
2 тапсырма.
1-топ. Сөздік құрамның тармақтарын сызба түрінде
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>