Күзгі бұтақ

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сыныбы: күні:
Сабақтың тақырыбы: Күзгі бұтақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды күз мезгілімен таныстыру. .

Тәрбиелік: табиғатта отырып сурет салып, таза ауамен күзгі бұтақтарды бейнелей отырып, суретті далада таза салуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: таза ауда жұмыс жасатып, сурет салуға деген қызығушылықтарын дамыту.


Сабақтың түрі: Аралас (экскурсия)

Сабақтың әдісі: Түсіндіру. Сұрақ-жауап,

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен сабақтарды қайталау
3. Жаңа сабаққа шолу
4. Өздік жұмыс
5. Қорытынды.


Бейнелеу өнерінің түрлері қандай?
Графика дегеніміз не?
Мүсін өнері бейнелеу өнеріне жатама?
Жаңа сабақ


Оқушылар бүгінгі сабақ ерекше болмақ, суретті далада отырып саламыз.
Білесіңдер күз мезгілінде табиғат өте сұлу өзгеріске ұшырайды. Жер беті алтын түске боялып, ағаштардан жапырақтар түсіп, бұтақтар жалаңаштанады. Дегенмен де жапырақсыз болса да күзгі бұтақтар өз ерекшелігімен табиғаттың сәні болмақ.


Өздік жұмыс:
Енді сурет салуға кірісейік. Табиғат аясында сурет салудыың ерекшелігі өте денсаулыққа пайдасы зор, сонымен қатар жұмыс жасауға да ыңғайлы. Бүгін ауа райы өте тамаша, сондықтан суретіміз ойдағыдай болады деп ойлаймын.
Тапсырма, күзгі бұтақ салу. Мұнда сары, қоңыр, және жасыл мен қызыл түсті пайдаланамыз. Осы түстерді арластырып алайқ. Алдымен орынымзды таңдаймыз, және эскиз саламыз.

Сабақты пысықтау:
Табиғат аясында сурет салудың ерекшелігі қандай екен балалар?
Табиғаттан қандай өзгешіліктер бар?
Күз тақырыбы қай жанр?


Үй тапсырмасы: "Үйдің қасында" тақырыбында сурет салып келу.












Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: