/>
Ұйымдастыру-ізденгіш кезең
Негізгі бөлімі.
Балалар, сендер ертегілерді үнатасыңдар ма?
Ондай болса, мені мұқият тыңдаңдар, мен сендерге "Сиқыршы Күз" ертегісін айтып беремін.
Бір балабақшада сондай бір ақылды, әдепті, әдемі балалар болыпты. Олар: Альтаир, Мөлдір, Сара, Жібек, Айбек, т. б. балалар болыпты. Біркүні олар Күздің белгілерін іздеуге серуенге шығыпты.
(видео қосылады)
Балалар, сендер фильмнен кімді көріп тұрсыңдар?
Біз не істеп жүрміз?
Біз қай жерде серуендеп жүрдік?
Балабақша ауласында қандай ағаштар бар екен?
Қандай алмасы бар ағаш?
Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсіп жатыр. Құрт-құмырсқа, жәндіктер суықтан тығылып, құстар жылы жаққа ұшып бара жатыр, бұл қай мезгілде болады?
Күз сөзін 3 тілде айтып көрейікші, балалар.
Күз - осень - autumn
Күз - жылдың өте қызықты бір мезгілі, ауа-райыда әр түрлі болады: бірде күншуақ, кейде жаңбыр жауады. Балалар біздің ертегіде ойын ойнағанды ұнатады.
Ойын "Күн мен жаңбыр"
Жерге "шалшықты" шашып қойып, балаларға сұрақ қою.
Неге шашлықты басуға болмайды?
(музыка ойнайды)
Күн күлімдеп қарайды, балалар, серуендеп жүреді.
Жаңбыр мен күн күркіреген дыбыс естіледі.
Күн күркіреп, жаңбыр жауды!
Жарайсыңдар, балалар, ешкім су болған жоқ, барлығымыз қолшатырдың астына тығылып үлгердік . Ертегіде әр түрлі оқиғалар, сиқыршылар болады. Мінеки, бізге де Сиқыршы Күз қонаққа келіп қалыпты.
Күз кіреді, амандасады:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сендер қандай әдемі, ақылды, әдепті балаларсыңдар! Беттерін қызғылт, тістерін аппақ, көздерін жып-жылтыр!
Т
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>