Күзгі бау-бақша

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: Күзгі бау-бақша
Мақсаты: Күздің белгілерін білуге үйретуді жалғастыру, балабақша ауласындағы ағаштардың атауларын біліп ажыратуға үйрету. Табиғи көріністің көркін байқауға үйрету. Жемістермен көкөністер жайлы білімдерін бекіту. Эксперименттік ізденгіш әрекеті бойынша игіліктерді пішіндері, түстері, дәмі мен иісіне қарай ажыратуға үйрету. Сезгіш түйсіктерін дамыту. Әдемі игіліктің, оның иісінің байымынан қуаныш сезіне білуге дағдыландыру. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен рақымшылдыққа тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын түсінуге үйрету, дәруменге мол тағамдар арқылы денсаулықтарын сақтап, нығайтуға дағдыландыру. Сөз қорларын молайтып, байыту.
Әдіс-тәсіл: Әңгімелесу, дидактикалық суретпен жұмыс, түсіндіру, сөздікпен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: алтын күз, хош иісті, жылтыр.
Билингвизм: Күз - осень - autumn.
Алдын-ала жұмыс: Бақша ауласында бақылау:
Күн салқын;
Жапырақтар түсіп жатыр;
Жел;
Балабақша ауласындағы ағаштар;
Құрал-жабдық: теледидар, дидактикалық суреттер (моделдер), аудиотаспа.
Әрекеттің кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті



Мотивациялық - ынталандыру кезең
Кіріспе бөлім:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жылы сөз айтудан бастайықшы.
Көңіл - күйлерін қандай?
Ендеше, осы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. Бізде бүгін ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса апайларға өз білімдерімізді көрсетейік.



Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Жақсы.



Балалар өз орындарына жайғасып отырады.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: