br/>Жапырақ сарғаяды
Күз мезгілі
Жер беті қызыл, сары, қоңыр түстерге енеді
Күн қысқарып, түн ұзарады
Құстар жылы жаққа ұшады
Ақын-жазушылардың табиғат туралы өлең жолдары
А. Құнанбаевтың "Жыл мезгілдері" өлеңдері оқылады
Күз
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе, қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда
Алты қанат ақ орда үй шайқалды
Көктем
Жауыны жауып жасылы
Жарқылдайды, жаз кепті
Өкіреді өзен тасуы,
Қаңқылдайды, қаз кепті
Тоғайда, көлде той қылып
Қаптады құстар жер көкті
Ауылдың малы балалап,
Айран шықы аз-көпті.
Манаурап мал, жан жадырап
Жан-жануар мәз бопты
Жаз
Тамылжыған жаз иісті
Жазғы жасыл көк дала
Жайылған жібек кілемдей
Қызыл-жасыл көк ала
Далаға келіп көк жасыл
Кестелі жібек кілемдей.
Жаз балаша шаттанып
Құлай кеттім еркелей
Бал іздеген аралар
Қобызбен күйін күйледі.
Жұптасып түрлі көбелек
Қызғалдақпен биледі
V. Сармандық жұмыс. Үнтаспадан "Жыл мезгілдері" шығармасы орындалады.
Күз мезгілін жазықтықта бейнелеу(түстер бойынша түсінік беру). Оқушылар шығармашылығы (ойдан табиғатқа байланысты өлең жолдарын шығару)
VI. Сергіту сәті. Жұмбақтар шешу.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>