ағының шығармашылық ұйымы құрылды. Дизайн өнерін елімізде дамыту үшін арнаулы қаулы қабылданды. Дизайн өнерінің терминдік атауы жаңа болғанымен, ол өзі негізінде ертеректен-ақ қалыптаскан. Қазақ халқының қолөнері түрлерінен дизайнды анық көруге болады. Қазақтың қарапайым жіп иіретін ұршығынан бастап дизайн. Ұлттық қару-жарақ, ыдыс-аяқ, музыка аспаптары, сандық пен кебеже түрлері, т. б. бәрі де дизайндық үлгіде жасалғандықтың дәлелі бола алады. Ал бүгінгі 21 ғасырға қадам басқан жаңа тұрмыстық жағдайға байланысты дизайн өнеріне жаңа қырынан келу мәселесі қарастырылады. Әлемдік мәдениет қатарына қосылу үшін дизайнды жаңа тұрғыдан қарастыру көзделіп отыр. Дизайн өндірістік, графикалық, автомобильдік, интерьерлік, жиһаздық, компьютерлік, т. б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Республикамызда дизайн өнеріне айрықша мән беруде. Өйткені ол өндірістік тауарларымыздың дүниежүзілік нарықтық экономикадағы рөлін көтереді. Дизайн заман талабынан туындаған өнердің озық үлгісі болып табылады. Дизайнды оқып үйренудің өзіндік үйлестіру заңдылықтары бар. Атап айтқанда: статика, ритм, контраст, динамика, симметрия, метр, асимметрия, июанс, контраст, т. б.
Статикалық үйлесім тұрақты нәрсені көрсетеді.
Ритм - ырғақты үйлесімдік.
Контраст - қарама-қайшы түстердің бірден айқын болып көрінуі.
Динамика - қозғалыстық үйлесім, қимылдық іс-әрекетті көрсетеді.
Симметрия - тепе-теңдік үйлесім.
Асимметрия - екі нәрсенің бірін-бірі қайталамауындағы үйлесімділік.
Метр - ара қашықтығы бірдей орналасқан үйлесім заңдылығы.
Июанс - композициялық үйлесімдіктің сәтті шығуы.
Жалпы дизайн өнерінің өмірде араласпайтын жері жоқ, өндіріс болсын, күнделікті қолданылатын үй жиһаздарынан бастап жеке бұйымдарға дейін дизайндық үлгіде жасалады. Бүгінгі өмірде дизайнның алатын
Страницы: << < 21 | 22 | 23 | 24 | 25 > >>